KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
507.05 594.82 6.51

Cambridge мамандары Шығыстағы тарихи ескерткіштерді зерттеді

Көрнекі сурет: liter.kz

3.08.2023, 17:50 434 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Кембридж университетінің мамандарымен бірлесіп қола және ерте темір дәуірі ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ҚазҰУ археология, этнология және мұражайтану кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаевтың жетекшілігімен Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылы аумағында қазба жұмыстары жүргізілді.

Дала жұмыстары барысында Айнабұлақ – Темірсу қорымының толық топографиялық жоспары жасалып, бірнеше қорғандар зерттелді. Қорғандардың бірінде әйел жерленген жерден қоланың бөлшегі мен ілгіш, қола тостаған, 180 асық және бақа бейнеленген қола зат табылды. Бір мезгілде үш көне қоныс анықталды.

"Қазба жұмыстары кезінде біз шетелдік мамандармен бірге даладағы бейіт ішіндегі металл заттар, сүйектер мен топырақ үлгілерін алдық. Болашақта Кембридж университетінің зертханаларында толыққанды зерттеулер жалғасады", – деді экспедиция басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу