KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

«Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтеді

Фото: osken-onir.kz

2.10.2023, 16:25 262 Мадина Амангелдіқызы

5 қазанда «Birge-Taza Qazaqstan» жыл сайынғы экологиялық акциясы өткізіледі.

«Birge-Taza Qazaqstan» акциясы алғаш рет 2019 жылы бастау алған еді.  Акцияның барлық кезеңі ішінде оған еліміздің 650 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Үш жылдың ішінде ғана 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.

Шараның мақсаты - аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін өткізу арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Бұл акция жастар, балалар және еріктілер тарапынан кеңінен қолдау тапты.

«Birge-Taza Qazaqstan» акциясын қолдай отырып, әрқайсымыз туған өлкенің бірегей табиғатын сақтауға өз үлесімізді қосамыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив