KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

ШҚО Қазақстан-Жапония әріптестігін дамыту орталығына айналуы мүмкін

4.10.2023, 22:00 189 Мадина Амангелдіқызы

Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Ямада Джун ресми сапармен ШҚО-ға келді. Жапон дипломаты өз елінің Қазақстанмен және оның ішінде Шығыс өңірімен әріптестік байланыс орнатуға ерекше ынталы екенін мәлімдеді.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Жапония мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті. Тараптар экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 2024 жылы Алматы-Токио бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кездесуге қатысушылар бұл Қазақстан мен күншығыс елінің экономикалық, мәдени және туристік қатынастарына тың серпін беретініне сенімді. 
Ямада Джунның айтуынша, жапон кәсіпкерлері тау-кен металлургия өнеркәсібі, медицина, туризм сияқты салаларда қазақстандық әріптестермен тізе қосып жұмыс істеудің әлеуеті зор екенін біледі. Ал ШҚО Қазақстан-Жапония әріптестігін дамыту орталығына айналуы мүмкін.

– Қазір Жапонияда ғана емес, басқа елдердің де Қазақстанға және шығыс өңіріне деген қызығушылығы ерекше. Бізде байланыс орнатуға барлық мүмкіндік бар және бізге оны іске асыруға асығу керек", – деді Ямада Джун.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив