KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Беларусь Республикасының Елшісі Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

19.08.2021, 11:26 275

Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында екі жақ өзара тиімді жобаларды талқылады.
Айта кетейік, Беларусь Қазақстан үшін стратегиялық серіктес әрі одақтас. Маусым айының соңында Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ, өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Бұл Павел Утюпиннің Шығыс Қазақстан облысына алғашқы сапары. Сапар барысында ол Семей қаласының әкімі Бақытжан Байхаметовпен кездесіп, Абайдың тарихи-мәдени мұражай-қорығына, "СемАЗ" ЖШС ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндіруге мамандандырылған кәсіпорынға, "Восток-Молоко" ЖШС сүт өңдеу кәсіпорнына, "Белорусская шина" ЖШС барды. Сонымен қатар, өңірдегі Белорус диаспорасымен кездесу өткізді. Облыс әкімдігінде өңір басшылығымен және ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік ведомстволарының өкілдерімен келіссөздер өткізді. Талқылау барысында ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевпен екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.
Беларусь дипломаты қазақстандық тараппен ауыл шаруашылығы, атап айтқанда, трактор, комбайн жасау саласында табысты келісімдер бар екенін атап өтті. Тараптар тракторларға арналған жекелеген тораптар мен агрегаттарды өндіру мәселесін талқылады. Минск трактор зауыты "СемАЗ" ЖШС-мен біресіп, осы бағытта жұмыс істеуге және өндірісті оқшаулауды ұлғайтуға көмектесуге дайын. Жалпы, Шығыс Қазақстан және Беларусь тараптарының қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілмейтін қажетті ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды жолға қою бойынша ілгерлеушілік бар. Сонымен қатар, шығыста қолайлы өндірістік алаңдар да жоқ емес.
Үкімет басшылары кездескен кезде ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Қазақстандағы сүт-тауар фермаларын салу қажеттілігі туралы ұсынысы жеке мәселе ретінде қаралды. Сондықтан Беларусьтің Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин республикада нақты тапсырыс берушінің техникалық тапсырыстарына сәйкес толық аяқталған СТФ сала алатын жобалау және құрылыс ұйымдары бар екенін хабарлады. Елші Шығыс Қазақстан делегациясын осы жоба аясында салынған түрлі фермаларды өз көзімен көру үшін Беларуське келуге шақырды. Тараптар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында осы бағыттағы ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.
Ержан Нұрбаев өңірдің күнбағыс тұқымын өндіру бойынша, сүт өндіру бойынша бірінші орында, ет өндіру бойынша екінші орында, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдері бойынша көшбасшылар қатарында екенін атап өтті. Сондықтан бірлескен жобаларға қатысудың ерекше мәні бар.
Беларусь Елшісі Павел Утюпин Минск автомобиль зауыты Төтенше жағдайлар департаменттерін қайта жарақтандыруға арналған заманауи өрт сөндіру техникасын жеткізу мәселесі бойынша Қазақстанмен белсенді ынтымақтастықта екенін жеткізді. Осыған байланысты кәсіпорын Шығыс Қазақстанда өрт техникасын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру үшін коммерциялық ұсыныс дайындады. Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі осы бағытта өңірмен ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Сонымен қатар, тараптар ағаш өңдеу өндірісі, туризм саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. Дипломаттар Шығыс Қазақстан, Могилев және Брест облыстары арасындағы ынтымақтастық бойынша жол картасын жасауға келісті. Сонымен қатар, Беларусь Елшісі өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария субъектілері бойынша өзара түсіністікке қол жеткізу үшін Қазақстанда жыл сайынғы "Белагро" халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесін өткізуді ұсынды. Кездесу соңында тараптар өзара тығыз қарым-қатынастардың одан әрі дамуына, өзара тиімді жаңа жобалардың іске асырылуына сенім білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу