KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Елімізде өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа дейін өсті

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
17.11.2023, 19:33 180

Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы тапсырмаларын іске асыру денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті.

Елімізде өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа дейін, ал Шығыс Қазақстан облысында 72,4 жасқа дейін өсті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген вице-министр  Вячеслав Дудниктің сөзінше, елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Елімізде 687 мың, оның ішінде Шығыс Қазақстанда 5,5 мың медициналық қызмет, телемедициналық консультациялар қашықтан көрсетілген. Облыста 3 инсульт орталығы және 1 коронарлық орталық жұмыс істейді.

- Бұрын күрделі операциялар шетелдік клиникаларда ғана жасалатын. Ал қазір елімізде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі қолжетімді. Биыл 244 орган трансплантациясы жүргізілді. Оның 131-і бүйрекке, 69-ы көзге, 40-ы бауырға, төртеуі жүрекке жасалды. Ұлттық нейрохирургия орталығында ми ісіктерін радиохирургиялық емдеуді жүзеге асыратын Гамма-пышақ орталығының базасында биыл 372 ота жасалды, – деді Вячеслав Дудник.
 


Автор: Айжанат Бақытқызы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив