KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарған

6.07.2022, 13:53 228

2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

  • - Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қабылданды. Онда қолжетімді және сапалы медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, профилактикалық, оның ішінде ауыл халқы үшін қарап-тексеру мен скринингтерді жүргізу, психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтерін көрсету үшін жастар денсаулық орталықтарының қолжетімділігі жөніндегі шаралар іске асырылады, - деді ол Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь, темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды төмендету, жарақаттанудың алдын алу және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

- Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үлесін 40%-ға дейін, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, инфекциялық емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, медициналық оңалту қызметтерімен 75%-ға дейін қамту күтіледі, - деді Ажар Ғиният.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу