Оралханның мұражай-үйі облыстық музей балансына қашан беріледі?
Фото: aikyn.kz
Жазушы Оралхан Бөкейдің Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы музей-үйі бірнеше жыл жабық тұрған еді. Биыл қаламгердің 80 жылдығына орай қайта ашылып, аудан әкімдігінің қарамағына берілді.
Сол кезде жазушының оқырмандары мен қарындасы Ғалия Бөкейқызы Оралханның мұражай-үйі облыстық музейдің балансына өтіп, қамқорлығына алынса деген ұсыныс айтқан болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиханның айтуынша, бұл мәселе келер жылы шешімін табады.
Сондай-ақ әкім жазушының 80 жылдығына орай жыл басында жоспарланған іс-шаралардың барлығы дерлік өз деңгейінде өткізілгенін айтып өтті.