Оралхан Бөкейдің мұражай үйі қайта ашылады
10 жылдан бері бос тұрған Оралхан Бөкейдің үйіне жөндеу жүргізу жұмыстары қолға алынатын болды.
Бұл туралы Катонқарағай ауылының әкімі Ділдар Қалиқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Көпшіліктің тілеуімен 10 жыл дегенде Оралханның үйіне жөндеу жүргізу жұмыстары қолға алынады. Үйдің кілтін алдық. Ендігі кезекте жөндеу жұмыстары басталады. Ауыл ақсақалдары, Оралханның жолдастарымен осы үйдің жағдайын көріп, алдағы уақытқа жоспарлар жасап қайттық, - деп жазды аудан әкімі.
Аудан әкімінің айтуынша, үйдің сыртқы қоршауынан бастап толықтай жөндеу жұмыстары жасалады. Жұмыстар толықтай биыл аяқталып, мұражай үйі ресми түрде қайта ашылмақ.
Оқи отырыңыз