KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты түрде жасалады – ШҚО

Фото: bigpicture.ru

24.01.2024, 19:11 99 Айна Ескенқызы

ШҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Есенғазықызы әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты түрде жасалатынын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Жуықта ғана әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласының екі мұғалімінің Түркиядағы демалыс кезінде түнгі клубтарда түскен суреттерін жариялағаны үшін жұмыстан қуылғаны қызу талқыға түскені белгілі.

 

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Есенғазықызы әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты түрде жасалатынын жеткізді.

- Тарбағатай ауданындағы шенеуніктердің бірі Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде туған күнін кеңінен тойлап, суреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларына салған. Біз дереу хабарласып, фотоларды алып тастау жөнінде ескерттік. Бұл -мемлекеттік қызметшінің жеке өміріне араласу емес. Осы мамандықты, осы жолды таңдап алды екен, ол мемлекеттік қызметшінің имиджін түсіретін, атына кір келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болуы тиіс, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауға міндетті, - деді Мира Есенғазықызы.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу