KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег Штиль
505.71 591.43 6.65

Шығыста тағы да көшкін жүрді

Фото: kazpravda.kz

13.02.2024, 10:40 417 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

- Бүгін таңертең сағат 09:30-да «Өскемен-Рахман қайнары» республикалық маңызы бар көлік жолының 437-ші шақырымының тұсында өздігінен қар көшкіні түсті. Бұл қар толассыз жуып, жел күшейгендіктен болып отыр. Зардап шеккен адам немесе бүлінген зат жоқ, - деп мәлімдеді «Қазселденқорғау» ММ.

Көшкін жауып қалған жол учаскесін «ҚАЖсервис» жол қызметінің өкілдері ашып жатыр.

Біз бұған дейін көшкін қаупіне байланысты «Өскемен - Алтай -Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» тас жолы жабылды деп хабарлаған едік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу