KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде сенбілік жәрмеңке өтті

9.03.2024, 13:55 83 Назерке Каримова

Бүгін Сәтпаев даңғылындағы «ТНП» дүкенінің аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Оған Глубокое ауданының шаруалары мен кәсіпкерлері өз өнімдерін алып келді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеде қой, сиыр және жылқы етімен қатар құс еті, сүт өнімдері, көкөніс, балық пен жұмыртқа, бал және басқа да өнімдердің мол таңдауы ұсынылды.

Сонымен қатар, Глубокое ауданының шығармашылық ұжымдары мерекелік концертін де дайындай келген.

- Күн жылынып, қалада сенбілік ауылшаруашылық жәрмеңкесінің қайта жанданғаны жақсы болды, - дейді қала тұрғыны Күләш Қалиякпер. – Ауыл өнімдерін балғын күйінде сатып алу үшін осындай жәрмеңкені күтеміз. Бүгін, мәселен, жаңа сойылған қой еті мен таза бал алдым.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив