KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Жерлесіміз Азамат Дәулетбеков - 3️ дүркін Азия чемпионы

instagram/sport_comiteti
instagram/sport_comiteti
13.04.2024, 18:00 120 Назерке Каримова

Еркін күрестен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында 86 келіде 2 мәрте әлем чемпионатының жүлдегері, Париж Олимпиадасының жолдама иегері Азамат Дәулетбеков топ жарды.

Финалдық белдесуде жерлесіміз тәжірибелі Өзбекстан спортшысы Джабраил Шапиевтен 5:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қос спортшы 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының ширек финалында жолығып, Өзбекстан өкілінің пайдасына шешілген болатын.

- Азамат біздің мақтанышымыз. Ол Шығыс Қазақстан облысының еркін күрес тарихында қалатын үздік спортшы. Өскемендегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің түлегі. Жеңісімен құттықтап, елде асыға күтеміз, - деді Өскемен қалалық кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мирас Баирханов.


Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Азия чемпионатында 3️ дүркін чемпион атанған балуандар:

  • 120 келі. Марид Муталимов (2005, 2006, 2010 жыл)
  • 61, 65 келі. Дәулет Ниязбеков (2015, 2016, 2018 жыл)
  • 86 келі. Азамат Дәулетбеков (2022, 2023, 2024)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив