Өскемендік кәсіпкерлер де көктемгі тазалыққа атсалысып жатыр
Облыс орталығының ең көркем, халық көп жиналатын орны - Арбат та бүгін түрленіп, тазарып қалды. Осы жерде орналасқан он бес шақты кіші және орта бизнес өкілдері акцияға қатысуға ынталанып, қалалық әкімдікке өтініш білдіріпті, деп хабарлайды Altainews.kz
Бизнес өкілдері өз ғимараттарының есік-терезелерін жуып, кіре берістерін тазалап, сырт келбеттерін жөндеп жатыр. Сонымен қатар бұл жерде қаланың иелігіне қарайтын орындықтар мен басқа да кіші сәулет нысандары бар. Оларды «Таза Өскемен» мекемесінің қызметкерлері ретке келтіріп жүр.
Арбатта орналасқан «Terry coffee» кофеханасының қызметкерлері де «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуда.
Өскемен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гасан Тұрғамбаев жеке кәсіпкерлер биыл белсенділік танытып отырғанын айтты.