KZ
Өскемен
+13°
дождь жел 4 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Өскеменде ескерткіштердің айналасы абаттандырылды

18.04.2024, 13:33 71 Оразай Жеңісұлы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Өскемен қаласының тұрғындары да белсене қатысуда. «Киелі мекен» апталығы аясында шаһардағы тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді6 деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Экологиялық акцияға белсене атсалысқандардың қатарында «Үлбі металлургия зауытының» қызметкерлері де  бар. Кәсіпорын жұмысшылары Ефим Славский мен Владимир Потанин ескерткіштерінің айналасын тазалап, абаттандырды. Құрылымның бүлінген жерлерін, тұғыр жанындағы плиткаларды және ескерткішке апаратын жолдарды қалпына келтірді. Өңірдегі бірегей кәсіпорынның қызметкерлері үнемі экологиялық шараларға белсене қатысып жүргенін зауыт қызметкері Юлия Антонова айтып өтті.

«Біздегі зауыттағы қызметкерлер жер сағаты, Дүниежүзілік қоршаған орта күні, Дүниежүзілік тазалық күні сияқты халықаралық акциялардан сырт қалған емес. Барлық шараларға бір кісідей қатысамыз. Өткен аптада ҮМЗ қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясы аясында зауыттың аумағын тазартты, оның ауданы 140 гектардан асады. Сондай-ақ, зауыт жұмысшылары қала ішіндегі аумақтарлы абаттандыруға, қоқыстан  тазартуға қатысып жүр. Кейін көшет отырғызу, арықтарды тазарту сынды жұмыстары бастаймыз», - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив