KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Шығыста «Мейірім» акциясы қайта қолға алынды

24.05.2024, 15:15 174 Ләззат Қанатқызы

Бұл шара қоғамның ең осал мүшелерінің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған. Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласында 2011 жылдан бері жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асып келеді. Осы жоспар аясында елімізде баламасы жоқ «Мейірім» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-        Елімізде жетім балалар саны азаймай отыр. Бұл – өте өзекті мәселе. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға бүкіл қоғам, мемлекет жауапты. Осы жылдың басынан біз «Мейірім» акциясын қайта қолға алып, патронаттық кәсіпорындар балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне корпоративтік тәлімгерлік көрсететін болады. Акция аясында бұған дейін 300-ден астам бала баспаналы болған. Осы істі ары қарай жалғастырамыз, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Аталмыш акция негізінде балалар корпоративтік тәлімгерлік қағидат бойынша патронаттық кәсіпорынға немесе ұйымға бекітіледі. Бұл жерде балаларға мамандық таңдау, жұмысқа орналасу, жазғы демалысты ұйымдастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту сынды мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсетеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу