KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

«Мейірім» акциясы аясында 10 ұйым көмек қолын созды – ШҚО

19.03.2024, 17:00 139 Жанаргүл Мұқатай

ШҚО-да жетім балаларды қолдауға бағытталған «Мейірім» акциясы жалғасын тауып жатыр.

 «Үміт» арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығында салтанатты іс-шара өткізіліп, «Мейірім» акциясы аясында жетім балаларды қолдауды қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.     

Бұл шара  қоғамның ең осал мүшелерінің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы 12 тәрбиеленушіге арналған әлеуметтік келісімшартқа облыстағы 10 ( «Bernas» ғылыми білім беру орталығы, Риддер қаласының әкімдігі, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Дарындылық  пен қосымша білім беруді дамытудың  Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығы және 5 білім беру ұйымы - № 4, 29, 34, 37,38 мектептері) ұйыммен қол қойылды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу