KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

БҮГІН ШҚО-ҒА «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ КЕЛІП АЯЛДАЙДЫ

31.08.2024, 09:00 130 Назерке Каримова

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы тамыз айының 31-і күні ШҚО-ға Өскемен-1 станциясына келіп тоқтайды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Әрі қарай аталған медициналық пойыз облыстағы бірнеше станцияда тоқтап, тұрғындарға қабылдау жүргізеді.

Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі:

Тишинка (31.09), Черемшанка (01.09), Өскемен-1 (Защита) (01.09), Алтай (02.09), Заводинка (04.09), Бұқтырма (06.09), Күмістау (08.09),Таусамалы (10.09), Өскемен-1 (11,09). Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін қабылдайды. Түскі ас уақыты 13.00-14.00.

Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Биылғы жаңашылдықтың бірі - мамандандырылған диагностикалық құралдар қатарына маммография аппараты қосылып отыр.

- Жалпы алғанда «Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстан аймағында 11 қыркүйекке дейін болмақ, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. - Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын түрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала келулері қажет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу