«Саламатты Қазақстан» пойызы ШҚО-ға келеді
фото: rail-news.kz
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 31- тамызда Шығыс Қазақстан облысына келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Медициналық пойыз еліміздің елді мекендерін аралауды 21 сәуір күні бастаған. Өскемен-1 станциясына 31 тамызда күні келіп тоқтайды. Әрі қарай келесі станцияларда тоқтап, тұрғындарды қабылдайды.
Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі:
Тишинка - 31.08;
Черемшанка - 1.09;
Өскемен -1 (Защита) - 1.09;
Алтай - 2.09;
Заводинка - 4.09;
Бұқтырма - 6.09;
Күмістау - 8.09;
Таусамалы - 10.09;
Өскемен-1 - 11,09.
«Саламатты Қазақстан» пойызы облыста 11-қыркүйекке дейін болмақ.
Медициналық пойыз дәрігерлері тұрғындарды сағат 9.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды.
Түскі үзіліс 13.00-14.00.
Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын тұрғындар өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын және медициналық құжаттары болса, қосымша ала келулері қажет.
Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді.
Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Биылғы жылғы жаңашылдықтың бірі – мамандандырылған диагностикалық құралдар қатарына маммография аппараты қосылып отыр.