KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Саламатты Қазақстан» пойызы ауылдарды аралауға шықты

medpoezd.kz

1.05.2024, 23:00 177 Назерке Каримова

Дәрігерлер бригадасы бар медициналық пойыз бүгін Астанадан 147 шалғай ауыл тұрғындарына тегін амбулаториялық көмек көрсету үшін жолға шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл «Дөңгелектегі емхана» өз жұмысын су тасқынынан зардап шеккен батыс өңірлерден бастайды және 90 мың ауыл тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтуға бағытталған.

Ал Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарын бұл пойыз 24 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында аралайды.

– Жобаның арқасында станциялардың және оған іргелес елді мекендердің көптеген тұрғындары білікті дәрігерлерден консультация алып, қандай да бір ауруларға тексеріле алады. Биыл алғаш рет маммограф сатып алынды, оның қызметтері де халыққа қолжетімді болады. Пойыз жұмысына 14 арнайы маман қатысады. Осылайша, пойыз қызметінің арқасында адамға тиімді көмек көрсетуге болатын патологияны ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі артып келеді, - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.


Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді.

Консультациялық-диагностикалық көмектен басқа, медициналық пойыз мамандары шағын операциялар жүргізе алады, стационарларға жоспарлы емделуге жолдама бере алады.

2010 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» жобасы еліміздің барлық өңірлерінде 1991 станцияға барды, 658 407 адам, оның ішінде 142 660 бала зерттеліп-қаралды. Дәрігерлердің қарап-тексерулерінің саны шамамен 3,5 млн, 29 мыңға жуық шағын амбулаториялық операция жасалды, 169 мың тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу