KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Биыл ШҚО-да 103 қоғамдық көлік сатып алынды

Бүгін, 18:00 0 Айжанат Бақытқызы

2024 жылдың 8 айында Өскемен және Риддер қалаларында 103 қоғамдық көлік сатып алынды, жыл соңына дейін Өскемен қаласы бойынша қосымша 11 автобус пен 10 шағын автобус сатып алынады, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Бүгін өткен облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев айтып өткендей, 318 елді мекен жолаушы қатынасымен қамтылған, қамту үлесі 75%-ды құрайды, шамамен 669 автобус іске қосылған.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау жалғастырылып, 2024 жылға 5,5 млрд. теңге бөлінген.

«Біз Өскеменде жолаушылар тасымалын субсидиялаумен байланысты бірқатар мәселелер бар екенін білеміз. Құрама, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай бағасы өсті, жоғарыда атап өткенімдей, техника лизингке сатып алынады, ал тариф бұрынғы деңгейде қалып отыр. Тасымалдаушылар қосымша қаржыландыруды қажет етеді»,-деді аймақ басшысы.

Өткен жылы бұл мақсаттарға жыл бойы кезең-кезеңмен 4,2 млрд. теңге бөлінген. Тасымалдаушылардың өтініші бойынша осы жылдың бюджетін бекіту кезінде 4 млрд. теңге бір мезгілде, бөлшектемей бөлінді.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановқа Өскемен қаласының әкімі, экономика және бюджеттік жоспарлау, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесіп, бюджетті жақын арада нақтылау кезінде осы мақсаттарға қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив