KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскеменге кондиционері бар 8 жаңа автобус жеткізілді

Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі

6.07.2024, 10:00 115 Назерке Каримова

Облыс орталығындағы "Вебас" жолаушы тасымалдайтын компания мемлекеттен берілетін субсидия есебінен автопаркін жаңартты.

Енді Защита ауданына жаңа автобустар қатынайтын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Вебас" компаниясы Zhong Tong маркалы үш есікті, пандусы мен кондиционері бар 8 жаңа автобус сатып алды.

- Жалпы биыл қалаға 92 жаңа автобус сатып алынады деп жоспарланған. Оның 25-і шағын автобустар. Бүгінгі таңда 60 автобус сатып алынды. Жыл соңына дейін қалған 32-сі жеткізіледі, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив