KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автожол пайда болуы мүмкін

Фото: depositphotos.com

1.10.2024, 16:30 123 Ержан Әбіш

Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді талқылау жөніндегі кездесуге қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде автожол саласындағы өзара іс-әрекеттің мәселелері талқыланып, мемлекеттер арасында жаңа автомобиль жолын салу жайында сұрақтар пысықталды.

Автожолдың жаңа бағыты Моңғолия шекарасына қарай шығатын Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді-мекені арқылы өтпек. Болжамды жаңа маршруттың қазақстандық учаскесі – Өскеменнен Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынды.

Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Маршруттың басым бөлігі Ресей аумағында өтеді, егер Ресей тарапының жол салуға келісімі болса, маршрут 837 шақырымды құрайды.

Ал қазір қолданыстағы Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта – Моңғолия шекарасы тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымды құрайды.

Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив