KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Талдықорған-Өскемен автожолын жаңғырту аяқталады

12.06.2024, 14:10 126 Айжанат Бақытқызы

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, биыл республикалық желінің 5,3 мың шақырым жолын жөндеу, салу және қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл Президент тапсырмасына сәйкес, рекордтық 12 мың шақырым автожол қамтылды.

Осы жылы бірқатар автожолдарды жаңғырту жобаларын, оның ішінде Талдықорған – Өскемен жолын жаңғыртуды аяқтау қажет. Бүгінде жұмыс барысы шамамен 80% құрайды.

Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстарымен 20 жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген жолдар қамтылған. Бұл Өскемен мен Семей қалаларын жалғайтын автожол.

«Қойылған міндеттерді орындау үшін мердігер ұйымдар жол-құрылыс материалдарын дайындап, құрылыс-монтаж жұмыстарын толық көлемде жүргізуде, автожол жобаларын уақытында аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда»,-деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив