Моңғолия, Ресей және Қазақстан арасындағы сауда-транзиттік жолын қайта қалпына келтіруге ұсыныс жасалды
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Моңғолия, Ресей және Қазақстан арасындағы сауда-транзиттік жолын қайта қалпына келтіруге ұсыныс жасады.
Бүгін шығысқазақстандық делегация «Ресей және Қазақстан. Аймақтық оепарцияларға сүйене отырып даму көкжиегі» атты панельдік сессияға қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы сыртқы экономикалық байланысқа арналған шара барысында екі елдің ұқсас менталитеті мен салт-дәстүрлері туралы да сөз қозғалды.
Форум барысында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бұл шара экономикалық интеграцияның негізі ғана емес, кәсіпкерлер, сарапшылар мен индустриалды көшбасшылар арасындағы тәжірибе алмасу алаңына айналғанын атап өтті
Сондай-ақ ол облыста металлургияны, химия өнеркәсібін дамыту, табиғи ресурстарды өндіру және ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау ісі және туризм туралы да сөз қозғады.
Сессия барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын салалар талқыланып, сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
Оның айтуынша, біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып кооперацияны дамытуға және бірлескен қызметтен пайда табуға болады.
Панельдік сессия Уфа қаласында өтіп жатқан «Халықаралық бизнес апталығы - 2023 форумы аясында ұйымдастырылды.