KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Кітапханалардың даму үдерісі талқыланды - ШҚО

Бүгін, 14:30 3 Ержан Әбіш

Жуырда Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында облыстың ауылдық аймақтарынан келген кітапханашылардың қатысуымен «Кітапханалардың заманауи даму тенденциялары» атты семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Altainews.kz. 

Семинар барысында қатысушылар кітапхана жұмысындағы заманауи әдістер мен инновацияларды талқылады. Ерекше назар «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» интернет-порталындағы креативті тәсілдерге, сонымен қатар «Кітапханадағы қымызхана» және «В поисках неизведанного» жобаларына аударылды.

Қатысушылар нейрондық желілерді кітапхана жұмысына енгізу тақырыбына қызығушылық танытты. Олар шығармашылық жобалар мен көрмелер жасау үшін нейрожелілерді қолдану әдістерімен танысып, интерактивті квесттерде тәжірибе алмасты. 

Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға арналған керемет алаңға айналып, қатысушыларды кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтеруге шабыттандырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив