KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Кітапханалардың бірі аңыз-әңгімелерді жандандыру жобасын әзірледі - ШҚО

17.06.2024, 17:34 2 885 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы кітапханалар тұрғындардың қолайылығы үшін жаңа технологияларды барынша енгізуде.

Осындай технологиялардың бірі – процестерді автоматтандыруға, деректерді талдауға және пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға көмектесетін нейрожелілер. А. С. Пушкин атындағы кітапхананың IT-бөлімі IT-мамандығының студенттерімен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстанның аңыз-әңгімелерін жандандыру жобасын әзірледі, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жаңа жобаның жемісін «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» (anyz.pushkinlibrary.kz) сайтынанкөруге болады.

- Біздің жобаның басты мақсаты – аңыз-әңгімелердің интерактивті және мультимедиялық нұсқаларын жасау. Біз өңірдің мәдени мұрасына назар аударып қана қоймай, жастардың кітапхана ресурстарына деген қызығушылығын арттыруды көздейміз. Жобаны жүзеге асыру барысында табиғи тілді өңдеу, мәтін құру, сөйлеу синтезі және анимация жасау сияқты нейрондық желі технологиялары қолданылады. Жобада IT мамандығының студенттері шешуші рөл атқарды. Мамандардың жетекшілігімен олар нейрожелілерді реттеп, мәтіндерді талдап және өңдеу алгоритмдерін, мультимедиялық материалдар жасап, жасалған материалдарды арнайы сынақтан өткізді, - дейді кітапхана қызметкері Жансая Әшкенова.

Сон,дай-ақ кітапхана қызметкерлері аңыздың мультимедиялық нұсқалары көпшіліктің қызығушылығын оятқанынн айтады. Жастар мен мектеп оқушылары қолжетімді және қызықты форматтардың арқасында мәдени мұраға көбірек қызығушылық таныта бастаған.

- Кітапхана жұмысына нейрондық желілерді енгізу мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Біздің жоба заманауи технологиялардың ақпаратты қызықты әрі ауқымды аудиторияға қолжетімді ете алатындығын көрсетті. Кітапханалар білім беру мекемелерімен бірлесе  отырып, озық IT бағдарламаларды қолдана отырып, цифрлық дәуірге тиімді бейімделіп, қоғамдағы маңызды рөлін лайықты жалғастыра алады, - деп атап өтті Жансая Әшкенова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив