KZ
Өскемен
-31°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Келер жылы айыппұл мөлшері қанша болады?

istockphoto.com

Кеше, 18:00 117 Төлеуғазы Жансая

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңге болып белгіленді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 240 теңгеге жоғары. Осыған байланысты айыппұлдар көлемі 6,1%-ға өседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Жылдамдық режимін бұзу:

10-20 км/сағ арттыру: 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге).
20-40 км/сағ арттыру: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге).
40 км/сағ жоғары: 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге).
Жыл ішінде қайталанған заңбұзушылық: 30 АЕК – 117 960 теңге (2024 жылы 110 760 теңге).

Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу: 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге).
Куәліктен айырылған адамның көлік жүргізуі: 50 АЕК – 196 600 теңге (2024 жылы 184 600 теңге) немесе 20 тәулікке дейін қамауға алынады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу:

Жол белгілерін елемеу: 3 АЕК – 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге).
Қызыл жарыққа өту: 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге).
Қайталап бұзу: 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге).
Жаяу жүргіншілер жолдарын бұзу: 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге).

Көлікті дұрыс қоймағаны үшін салынатын айыппұлдар да өсті. Тұрақ немесе тоқтау ережелерін бұзу 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге), ал тротуарда немесе гүлзарларға көлік қойғаны үшін 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) болады. Тұрақ ақысынан жалтару 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұлға әкеп соғады.

Қызметкердің көлікті тоқтату туралы талабын орындамауға байланысты 40 АЕК немесе 157 280 теңге (2024 жылы 147 680 теңге) айыппұл салынады. Дәл осындай әрекетті қайталаса, жүргізуші құқығынан айыруға және 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға әкеп соғуы мүмкін. Жүргізуші құқығынан айырылған адамдарға бұл заңбұзушылық үшін 60 АЕК айыппұл тағайындалады, бұл 235 920 теңге болады (2024 жылы 221 520 теңге).

Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу, бекітілмеген белбеу және тізгінде телефонды пайдалану 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге) айыппұлға әкеп соғады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу