KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Мұғалімге тіл тигізгендер қамауға алынады – «Педагог мәртебесі»

6.01.2020, 05:00 249

Мұғалімге тіл тигізгендер бес тәулікке қамауға алынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Педагог мәртебесі туралы» заңнамаға сәйкес, педагогке тіл тигізген жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш (79 530 теңге) көлемінде айыппұл арқалайды. Егер бұл құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталнса, айыпты азамат 106 040 теңге (40 АЕК) төлейді немесе бес тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Егер педагогке кәмелетке толмаған балалар тіл тигізсе, 20 АЕК (53 020 теңге) мөлшеріндегі айыппұлды ата-анасы өтейді. Қайта тәртіп бұзғанған жағдайда, айыппұл 30 АЕК-ге дейін өседі.

Педагогтарды өз міндетінен өзге жұмыстарға тарту мәселесі бойынша 20-дан бастап 120 АЕК (318 120 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Заңнамада қарастырылмаған есептілікті талап ету және тексеру жүргізу мәселелері бойынша да, дәл осы мөлшерде айыппұл салынады.

 Айта кетейік, 2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгеге тең.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив