KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

2020 жылдың басында көлік қымбаттады

13.01.2020, 09:35 120

Қазақстанда 2020 жылдың басында көлік қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы LS порталы мәлімдеді. Сатылым бойынша бірінші сатыда Toyota Camry тұр. Оның құны өткен жылдың қаңтар айындағы бағамен салыстырғанда 1 млн теңгеге немесе 16,2%-ға өсіп, 10,76 миллион теңге болды. Яғни 2019 жылдың қаңтар айында 9,26 млн теңге болған. Бұл дегеніңіз, 199,1 мың теңге болатын 54 толық орташа айлық жалақы. 2019 жылы 174,6 мың теңге болатын 53 жалақы еді.

Toyota LC Prado-ның ең қымбат моделі 2 млн теңгеге немесе 14,4%-ға қымбаттады. 2019 жылдың қаңтар айында 14,19 млн теңге тұрған көлік қазіргі уақытта 16,24 млн теңгеге пара-пар.

Ал Ravon Nexia сынды модельдер арзандаған. Егер өткен жылы Ravon Nexia 4,49 млн теңге сатылса, биылғы жылы Avon Nexia R3 3,469 млн теңге тұрады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу