18 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі - ШҚО
2020-2024 жылдар аралығында ШҚО-дағы 18 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі – шекаралық аудандарды дамыту. Осы орайда Президент тапсырмасына сәйкес шекара маңындағы аудандарды дамыту үшін 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Кешенді жоспарға сəйкес 2020-2024 жылдары аралығында 18 мектепке жалпы құны 596,8 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, 2020 жылы Бурабай (17,4 млн. теңге), Сарыөлең (32 млн. теңге), Құйған (35 млн. теңге), Марқакөл (50 млн. теңге), Қаратоғай (45 млн. теңге), Қалжыр (45 млн. теңге), Қарой (30 млн. теңге) орта мектептерінде, 2021 жылы Боран (48 млн. теңге), Қайнар (14 млн. теңге), Қазақстан (31,5 млн. теңге) ауыл- дарының мектептеріне, Сарыөлең ауылындағы «Балдәурен» лагеріне (35 млн. теңге), 2022 жылы Алғабас (37,6 млн. теңге), Барақ батыр (26,6 млн. теңге) орта мектептеріне және Күршім ауылындағы балалар шығармашылық үйіне (43,8 млн. теңге), 2023 жылы Шанағаты (25 млн. теңге), Бірлік (25 млн. теңге) орта мектепте- ріне, 2024 жылы Маралды (25 млн. теңге), Төсқайың (25 млн. теңге) орта мектептеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.