KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
497.89 520.89 5.47

Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

gov.kz

13.01.2025, 12:00 649 Төлеуғазы Жансая

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Kaspi Bank» АҚ-мен бірлесіп, азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша жаңа пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бастама ХҚКО-ға бармай-ақ құжат алу мүмкіндігін қарастырады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, АХАТ органдары беретін электронды құжаттарға – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамаларға электрондық апостиль қою жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жаңа өзгерістер азаматтарға осы құжаттарды онлайн түрде алуға және бір өтініш арқылы апостиль қоюға мүмкіндік береді. Бұл қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі заң көмегін көрсету саласында 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл жоба «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» арқылы:

  • Талаптардың даусыз екендігін растайтын құжаттарды жүктеуді;
  • Борышты мойындау және борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық білдіру мүмкіндігін;
  • Нотариустың борышкердің тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауды қамтамасыз етеді.

Аталған бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу