KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Қазақстандықтар нотариаттық сенімхатты енді онлайн рәсімдейді

фото: ашық дереккөз

17.04.2023, 10:18 286

Қазақстан Әділет министрлігі нотариаттық сенімхаттарды онлайн ресімдеу бойынша сервисті іске қосты.

Алғашқы екі күнде Қазақстанда осындай 60-тан астам құжат ресімделді. Мұның бәрі – смартфон және оған орнатылған eGov Mobile қосымшасы арқылы іске асырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

– Қызметке алдымен банктер қызығушылық танытуда. Қазіргі уақытта біз техникалық сәттерді пысықтауға кірістік. Біздің есептеулеріміз бойынша, бір ай ішінде "онлайн-нотариус" сервисі ЕДБ мобильді қосымшаларында пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ біз нотариустармен және азаматтармен кері байланыс жасаймыз, алғашқы оң пікірлерді аламыз, – деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Үкіметтегі кеңесте.

Биыл Қазақстанда 66 цифрлық бастаманың пулын іске асыру көзделген, оның 41-і азаматтарға қолжетімді.

Өз кезегінде Экология министрлігі аңшы куәлігін цифрландырды. 1 қаңтардан бастап мұндай құжатты рәсімдеуді жоспарлаған әрбір адам оны енді тек электронды түрде алуға болатындығын білуі тиіс. Жаңашылдық бұрынғыдай қағаз нұсқасын алып жүру қажеттілігін жояды. Сонымен қатар қатты мұқабалы аңшы куәлігін жасау үшін 3 АЕК көлемінде ақша төлеудің де қажеті жоқ.

 

Қазақстан нотариаттық қызметтің осы түрін цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі. Бүгінгі таңда онлайн режимде тек Франция мен Литвада ғана сенімхатты нотариалды куәландыруға болады. 

ҚР әділет министрі Азамат Есқараев жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің «цифрлық» бастамалары аясында (сондай-ақ Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде) Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп іске қосқанын атап өтті. 

  

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Е-gov мобильді қосымшасының базасында мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Бүгінгі “Цифрлық нотариат” жобасы – осы бағыттағы жұмыстардың бірі. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтардың өмірін жеңілдету бойынша пайдалы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Еске салайық, 11 сәуірде еліміздің әділет министрі Азамат Есқараев сенімхатты онлайн ресімдеу мүмкіндігі бар е-нотариат пилоттық жобасын іске қосу республикадағы нотариустардың табысына ешқандай әсер етпейтінін айтқан болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу