Барлық банктер үшін бір QR-ды іске қосу уақыты белгіленді
фото: us.azattyq-ruhy.kz
Функция 2024 жылдың соңына дейін пилоттық режимде енгізіліп, 2025 жылдың басында толықтай іске қосылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі informburo.kz.сілтеме жасап.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның барлық банктері үшін бірыңғай QR код жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің Ұлттық төлем корпорациясының басшысы Бинұр Жаленов мәлімдеді.
«Биылғы жылы біз ірі банктерде телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдарды, ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында – бірыңғай QR –ды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр», - деді Бинұр Жаленов өзінің Instagram парақшасында.