Куәліктер немесе анықтамаларды қайтадан алу жолдарын білесіз бе?
![](/kz/uploads/posts/iblock/d15/d150981f14a0ce206979c142b6a598ea.jpg)
АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолдары жайлы білесіз бе?
Ол үшін:
- Egov.kz порталына кіріңіз;
- Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
- Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
- Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
- Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
- Некеге тұру туралы куәліктің;
- Некені бұзу туралы куәліктің;
- Туу туралы куәліктің;
- Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
- Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
- Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:
Қызмет көрсету құны:
- Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
- Анықтама үшін – 0,3 АЕК