KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Жеке куәлікті өзімізбен бірге алып жүрмесек те болады

6.11.2019, 06:48 280

Енді қазақстандықтарға жеке куәлікті өзімімен бірге алып жүрмесе де болады. Арнайы қосымшаны жүктеп алып, құжаттың электронды нұсқасын көрсетсе де жеткілікті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Компанияның ақпараты бойынша, еGov mobile қосымшасында жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет іске қосылып отыр. Электронды құжат Android және iOS жүйелеріндегі барлық eGov mobile қолданушылары үшін қолжетімді. 

Яғни, бұл қосымша қолыңызда жеке куәліктің түпнұсқасы болмаса, электронды түрін ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.

- Қазір құжатты мәселен, нотариуста рәсімдеген кезде сізге eGov mobile қосымшасынан өзіңіздің электрондық жеке куәлігіңізді көрсету қажет, одан соң сізге QR – код көмегімен қолжетімділікті ашу қызметі ұсынылатын болады. Нотариус осылайша, сіздің құжатыңыздың түпнұсқа екендігіне оңай көз жеткізе алады, - деп мәлімдеді компания.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу