KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, ОБ
502.89 527.03 5.71

Антикор азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосты

pexels.com

Бүгін, 10:00 59 Төлеуғазы Жансая

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтардың белсенділігін арттырып, заң мен тәртіпті күшейту мақсатында жаңа цифрлық құрал – Антикор 1424 WhatsApp чат-ботын іске қосты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Енді кез келген азамат 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу арқылы:

  • Жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес ала алады.

Шынайы ақпарат бергендер үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылған. Барлық өтініштер құпия түрде қаралып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады. Алайда, жалған ақпарат бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу