KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

ШҚО университеттерінде ерекше жазба пайда болды

Фото: gov.kz

21.07.2023, 16:27 224

ШҚО жоғары оқу орындарының алаңдарында «Жемқорлық туралы 1424-ке хабарлаңыз» деген жазбалар пайда болды.

Акцияны облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің дерегінше, еріктілер бастаманы қолдап, белсене қатысты.

Акция жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, осындай деректерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлау қажеттігін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив