ШҚО: Антикор құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде
![](/kz/uploads/posts/2023-07/6b07acafe110290ce8d224131f1568f8_1280x720.webp)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен «Бизнеске жол» жобасын іске асыру жөніндегі талдамалық іс-шаралардың бірыңғай жоспарына сәйкес, 3 шілдеден бастап ШҚО Антикор «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
Құрылыс саласында қандай да бір жемқорлыққа тап болған тұрғындар шағымдарын Антикордың 8 775 77 88 099 WhatsApp нөміріне жолдай алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осыған байланысты көрсетілген мәселеге қатысты ақпарат, шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, analiz-vko@mail.ru электронды мекенжайына немесе 8 775 77 88 099 WhatsApp нөміріне жолдауға болады.