Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өзгерістер түсіндірілді – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңірдің Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы жаңашылдықтар түсіндірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар Антикор қызметіндегі басым бағыттар да айтылды. Бұдан басқа, проблемалық мәселелерді жою бойынша өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар түсіндірілді.
Департамент қызметкерлері қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына тап болған жағдайда ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне немесе 1424 Call-орталығына дереу хабарлауға шақырды.