Алтай ауданында су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді (видео)
Көктемгі су тасқыны кезеңін төтенше жағдайсыз өткізу үшін уақтылы және сапалы дайындық қажет. Осы мақсатта ШҚО-ның Алтай ауданында кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудан әкімдігі төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, су тасқыны қаупі жоғары аумақтарды аралап, бақылау жүргізді.
– Өткен жылы жағалауларды бекіту, су бұру арналарын тазарту және халықты уақытылы хабардар ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Березовка және Поганка өзендерінде, Путинцево ауылындағы Хамир өзенінің жағалауында, Богатырев су алу бекеті маңында қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Сондай-ақ Соловьево ауылындағы Березовка өзені арқылы өтетін көпір мен су өткізу құрылғылары жөндеуден өтті, – деді аудан әкімдігі.
Алтай қаласының өзінде де ескі қала аумағындағы каналдарға ерекше назар аударылуда. Жергілікті атқарушы органдар ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Қауіпті аймақтар бақылауға алынып, барлық қажетті техника әзірленген.
Оқи отырыңыз