KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да тасқынға қарсы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр

24.09.2024, 15:56 106 Ержан Әбіш

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында және облыстың инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес биыл облыстың 13 ауданында тасқынға қарсы 55 іс-шараны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда облыста 7 іс-шара орындалды, оның 2-уі Алтай ауданында, 2-уі Зайсан ауданында, 2-уі Катонқарағай ауданында, 1-уі Риддер қаласында.

Зайсан ауданының Шалқар ауылында 1200 ментрлік қорғау бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді.

Катонқарағай ауданының Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түбін тереңдету, арнасын тазарту және Коробиха ауылындағы Бұқтырма өзенінде ұзындығы 400 метр жағалауды нығайту бойынша ағымдағы жұмыстар аяқталды.

Ақ Үбі өзенінің жағасын нығайту, Риддер қаласынан 41 км жердегі көпірді жөндеу жұмыстары аяқталды.

Алтай ауданы, Соловьево ауылдық округінің Маяк ауылындағы Орталық көшесіндегі ұзындығы 800 метр су бұрғыш арық тазартылды және ұзындығы 5000 метр Вторушка және Маслянская өзендерінің арнасын тереңдету және каналдарын тазалау, бұталарды кесу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Алтай ауданының Богатырево ауылында ұзындығы 100 метр бөгет жөнделуде, Березовка өзенінің арнасы тазартылды және Соловьево ауылында ұзындығы 1000 метр бөгетті салынуда.

Глубокое ауданында Тарханка ауылының Мехнина және Береговая көшелерінің аумағында Үлбі өзенінде, Глубокое кентіндегі Глубочанка өзенінде тазарту, тереңдету, арна түзеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа Үлбі ауылындағы Жаңа Үлбі өзенінің өткізу қабілетін арттыру үшін Новоя және Береговая көшелерінің тұсында арнаны реттеу жолымен аспалы көпір қалпына келтіріліп жатыр.

Өрістен еріген суларды Жуковка өзеніне шығару үшін Опытное поле ауылының Заречная көшесінде арықтарды тазарту және орнату, көктемде еріген және жаңбыр суларын шығару үшін арық жүйесін және шлюз орнату жүргізілуде. Прапорщиково ауылында Моторный, Сүлейменов, Атамекен, Школьная көшелерінен биік жерлерден еріген және жаңбыр суларын бұру үшін арналар орнатылуда.

Барлық жұмыстарды межеленген кезеңінде аяқтау жоспарланған.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу