Алтай ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары басталды
Алтай ауданында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары басталып кетті. Аудан әкімі Ернар Мустафин су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында қала, кент және ауылдық округ әкімдері күзгі кезеңде атқарылған, жоспарланып отырған жұмыстары мен көктемгі су тасқынына дайындық туралы есеп берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінгі таңда аудандағы қардың қалыңдығыі 97 см, топырақтың қатуы 28 см, ал Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 35 см құрайды.
- Алтай ауданында су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою бойынша шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, жергілікті атқарушы органдарға қателіктер жібермеуді тапсырдым. Көктемде су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын жүргізу, яғни өзен арналарын, арықтар мен каналдарды, дренаж жүйелерін тазарту қажет, - дейді аудан әкімі.
Оқи отырыңыз