KZ
Өскемен
-14°
туман Штиль
505.15 550.31 5.89

Өскемен – Самар жолында қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіледі

Фото: pixabay.com

Кеше, 15:00 109 Гульжан Мусина

2025 жылғы 15 наурыз күні сағат 10:00-де ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің Шығыс Қазақстан тәжірибелік-экспедициялық басқармасы «Өскемен – Самар» автожолының 132-137 шақырымында қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Бұл шара көктемгі ауа райының тұрақсыздығына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қар көшкінінің табиғи түсу қаупін азайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жүргізушілер мен жолаушыларға қауіпсіздік шараларын сақтап, баламалы бағыттарды пайдалануға кеңес беріледі, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу