KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
516.85 537.68 5.26

Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тас жолында қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізіледі

pixabay.com

Кеше, 14:00 190 Төлеуғазы Жансая

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» ММ «ШҚАПБ» филиалының ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 30 қаңтар күні сағат 10:00-ден бастап "Өскемен – Алтай – Рахман қайнары" автожолының 432-438 км учаскесінде қар көшкіндерін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қар көшкінінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылады. Жол пайдаланушыларына көрсетілген уақыт аралығында бұл бағытта жүруден бас тартуға немесе баламалы бағыттарды қарастыруға кеңес беріледі.

Қауіпсіздікті сақтау үшін жүргізушілер мен жолаушыларға жол қызметтерінің нұсқауларын орындау, ауа райының өзгерістеріне назар аудару және қажетті сақтық шараларын қабылдау ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу