KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
499.11 521.12 5.58

ШҚО-да қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілмек

Фото: pixabay.com

Бүгін, 11:00 47 Гульжан Мусина

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің «ШҚАПБ» филиалының ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 5 наурызда сағат 10:00-ден бастап "Өскемен-Самар" облыстық маңызы бар автокөлік жолының 132-137 шақырымында қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың мәлімдеуінше, бұл шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал табиғи апаттардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр. Қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілетін аумақта көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

Жол қозғалысына қатысушылардан аталған учаскеде сақтық шараларын қатаң ұстануды, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу