ТЖМ тікұшағымен ауыр жағдайдағы науқас тасымалданды

00:00
00:00
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғынына шұғыл медициналық көмек қажет болды. Науқасты әуе арқылы шұғыл жеткізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның "Ми-8" тікұшағы санавиация дәрігерлерімен бірге жөнелтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Бауыржан Бутенбаев 1969 жылы туған ауыр жағдайдағы науқас әйелді облыс орталығына жедел тасымалдады.
Ұшу барысында санавиация дәрігерлері науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмекті көрсетті. Қазіргі уақытта пациент облыстық ауруханаға жеткізілді
Оқи отырыңыз