ТЖМ тікұшағы шұғыл көмек көрсетті: Өскеменге науқас бала жеткізілді
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге шұғыл рейс жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Eurocopter EC-145» тікұшағының ұшқыштары Станислав Водолеев пен Әлібек Түсіп медициналық авиация бригадасымен бірге ауыр халдегі баланы және оның анасын облыс орталығына жеткізді. Санавиация тобының құрамында балалар реаниматологы Рафаил Хамитов пен фельдшер Назым Бейсенбаева болды.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, экипаж өз міндетін кәсіби түрде орындап, баланы медициналық мекемеге қауіпсіз жеткізді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
«Екі жақты пневмония». Алты жастағы баланы Күршімнен Өскеменге жеткіздіЖүкті әйел ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен шұғыл жеткізілдіӨскеменге Марқакөлден жеткізілген балада коронавирус анықталмадыШығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені тікұшақпен ауруханаға жеткіздіЖас босанған ана Алтайдан Өскеменге тікұшақпен жеткізілді