Жүкті әйел ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен шұғыл жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Өскемен қаласына жедел медициналық көмекке мұқтаж 1989 жылы туған жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Операцияға ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағының ұшқыштары Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және пациентке қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлері қатысты.
Шұғыл медициналық рейстер барлық қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығын және үйлесімді жұмысын талап етеді. Экипаж бен дәрігерлердің жедел іс-қимылының арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетілуде.