KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
500.32 545.3 6

ШҚО-да ТЖМ тікұшағы науқас адамды тасымалдады

Кеше, 09:00 71 Төлеуғазы Жансая


Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында 1987 жылы туған науқасты шұғыл тасымалдау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Тікұшақ бортында дәрігерлер бригадасы болып, санитарлық авиация қызметі арқылы науқасты Өскемен қаласына жеткізді. Қауіпсіз ұшуды ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Қоржыбай Абай мен Абдул Али жүзеге асырды.

"ТЖМ тікұшағы арнайы медициналық модульмен жабдықталған, бұл ұшу кезінде де науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті мамандар.

ҚР ТЖМ санитарлық авиациясы қиын жағдайдағы науқастарды жылдам тасымалдау және уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында тұрақты түрде қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу