ШҚО полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді әуежайда ұстады (видео)
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ол жалпы сомасы шамамен 5 миллион теңгені құрайтын алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.
- Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті біреудің қаражатын сеніміне кіре отырып оған қиянат жасаумен иемденгені үшін іздестірілген. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып, тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген,- делінген ШҚО ПД хабарламасында.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде, ұшақтан түскен бойда ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген есепші ұсталдыШҚО полицейлері өзен жағасында жасырынып жүрген қылмыскерді ұстадыПолиция ШҚО-да іздеуде жүрген шетелдікті ұстадыШҚО-да есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталдыШҚО полицейлері бір айдан астам уақыт бойы жасырынған қылмыскерді қолға түсірді